Еріктілер ҰОС ардагерлеріне көмек көрсетті

Primary tabs

Нау 05, 2020 / 0 комментарии

Қарасайлық еріктілер Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көмек көрсетті, деп хабарлайды Kaskelenkz.

Аудандық Жастар ресурстық орталығының бір топ жастары, аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өкілдері және белсенді еріктілер Шәріпбай атаның үйіне барып, құрмет көрсетті.

 

Қарияға азық-түлік себетін апарып, аз да болса көңіліне қуаныш сыйлады. Сонымен қатар, жастар атаның үйінің ауласын тазалап берді. Өз кезегінде, Шәріпбай ата осындай бастамашыл топқа ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.