Ең бай қазақстандық 10 спортшы кім?
Primary tabs
2019 жылдың қорытындысы бойынша көп қаражат тапқан Қазақстанның 10 спортшысын QUECIE порталы анықтап берді деп жазады NUR.KZ.
Руслан Балтиев
10-шы орынға спорттық мансабын 1997 жылы "Жетісу" клубында бастаған бұрынғы қазақстандық футболшы орналасқан. Оның байлығы 2,8 миллион долларға бағалануда.
Спортшы Forbes және Bloomberg сынды журналдардан да көрінген.
Андрей Карпович
Кәсіби футболшының жеке қоры 3,3 миллион долларды құрайды.
Ол мансабын семейлік "Елімай" клубында бастап, 2007 жылы мәскеулік "Динамода" доп тепкен. Карпович Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны да болды.
Ол қазіргі уақытта көкшетаулық "Оқжетпес" клубының бас бапкері қызметін атқарады.
Виталий Колесник
Хоккейден Қазақстан құрамасының қақпашысы 3,5 миллион долларға ие. Ол мансабын "Казцинк-Торпедо" командасында бастаған.
Галина Воскобоева
Теннисшінің жеке қорында 4,3 миллион қаржысы бар. Галина Ресей мен Қазақстан құрамаларының атынан халықаралық жарыстарға қатысты.
Ярослава Шведова
Кәсіби теннисші 2012 жылы үздік нәтиже көрсетіп, әлемдік рейтингте 25 орынға дейін көтерілген. Оның байлығы 5 миллион доллар деп бағалануда.
Бақтияр Артаев
2004 жылы өткен Олимпиадада алтын медаль жеңіп алған боксшының қаржысы 6,9 миллон долларды құрайды.
Самат Смақов
Футболшы Қазақстан ұлттық құрамасында ең көп ойын өткізген ойыншылардың бірі. Ол мансабын семейлік "Елімай" клубында бастап, ресейлік клубтарда да доп тепті. Қазір "Ақтөбе" клубының қожайыны.
Оның жеке қорында 7,5 миллион доллары бар.
Николай Антропов
Астаналық "Барыс" хоккейшісі 7,6 миллион доллар қаржыға ие.
Василий Жиров
Жиров 1996 жылы Антланта қаласында өткен олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған. Оның байлығы 8,1 миллион долларға бағалануда.
Генадий Головкин
Боксшы қазақстандық спортшылар арасында "қалталысы" болып саналады. Оның жеке қоры 8,5 миллион долларды құрайды.