Жамбыл облысындағы ер адамдардың жанжалы өліммен аяқталды
Primary tabs
Жамбыл облысында ер адамдардың арасында орын алған жанжалдың соңы өліммен аяқталды деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.
Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов 2021 жылғы 9 маусымда сағат 21:20-да Меркі аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын xабарласып, белгісіз адамдар олардың фазендаларына келіп, біреуі ағасына оқ атқаны туралы айтты.
Полицейлер оқиға орнына келген соң шаруа қожалығының иесі мен жергілікті үш тұрғынның арасында жанжал туындағаны, оның барысында ер адамдардың бірі фазенда иесіне тіркелген тегіс ұңғылы мылтықтан оқ атып кеткені анықталды.
Алайда жарақат алған ер адам оларды өз көлігімен қуған, соқтығысу барысында екінші көліктің жүргізушісі жол-көлік оқиғасы орнында көз жұмып, жолаушысы жарақаттанған. Аяғы мен қолынан бытыра оғынан жарақат алған ер адам Меркі ауылындағы аудандық орталық ауруханаға жатқызылды
Жанат Сүлейменов қазіргі уақытта аталған оқиғаның барлық қатысушылары ұсталғанын, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Істің мән-жайы анықталуда.