Жамбыл облысының әкімі қайырымдылық жасауға шақырды

Primary tabs

Мамыр 01, 2021 / 0 комментарии

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бірлік күніне орай өңірдегі кәсіпкерлерді қайырымдылық жасауға шақырды. 

"Ежелгі Тараз" мәдени-тарихи орталығындағы «Достық» үйінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, облыстың этномәдени бірлестіктерінің халықтық қолөнер көрмесі өтті. Көрмеге қойылған қолөнер туындыларымен танысып шыққаннан кейін Бердібек Сапарбаев облыс тұрғындарын бірлік күнімен құттықтап, дендеріне саулық пен отбасыларына амандық тіледі. Облыстағы күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты мереке мәдени іс-шараларсыз өткізіледі, бірақ қайырымдылық іс-шараларын өткізуге баса назар аударылған.

"Біртұтас халықтың күші-қайырымдылығымен әрі әрдайым өзінің жақынына қол ұшын беруге әзір тұратындығында. Сондықтан, менің бастамаммен «Қайырымды істер» республикалық акциясы аясында біздің облыста қайырымдылық іс-шаралар марафоны бастау алды. Бұл іс-шаралардың қасиетті Рамазан айында және Бірлік күнінде орын алуы оның тағылымдық мәнін арттыра түсері сөзсіз. 

Мен барша жамбылдықтарды және кәсіпкерлерді осы акцияға қолдау көрсетіп, қосылуға шақырамын. Шынында да, бұл адамдарға бір-біріне деген сенім мен жанашырлық, қайғы мен қуанышта бірге болу қабілетін жоғалтпады деген сенім береді. Баршаңызға мықты денсаулық пен бақ-береке тілеймін!",- деді облыс әкімі. 

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, түрлі этнос өкілдері, белсенді жастар мен еріктілердің көмегімен мұқтаж адамдарға 1000-нан астам азық-түлік себеттері таратылды Қайырымдылық акциялары облыстың барлық аудандарында ұйымдастырылды. Мәселен, Талас ауданында екі отбасы "Асарлатып үй салу" жобасы аясында салынған жаңа үйде қоныс тойын атап өтті. Шулық кәсіпкері өзінің қаржысына тұрмысы төмен отбасыға үй сатып алып берді. Сондай-ақ демеушілердің көмегімен 200 ас-ауқат жиынтығын тарату ұйымдастырылды.