Жастар есірткіге жоламауы үшін...

Primary tabs

Мау 10, 2019 / 0 комментарии

Қарасай аудандық орталық аурухана қызметкерлері колледж білімгерлерін есірткімен күреске шақырды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.    

Орталық  аурухананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің  мамандары  Санжар Жандосов атындағы кәсіптік колледжде жастармен "Жақсы әдеттер марафоны!" Ұлттық бағдарламасы аясында нашақорлық пен заңсыз есірткі айналысымен күрес күніне орайластырылған айлық бойынша семинар-тренинг өткізді. Семинарға аудандық Жастар ресурстық орталығының мамандары Балажанова Айжан мен Адилхан Азамат шақырылды. Іс-шара  барысында дәрігер Дана Таждинова жастарға зиянды әдеттердің денсаулыққа кері әсері, олармен күресу жолдары мен салауатты өмір салтын қалыптастырудың ұтымды жақтары  туралы толық ақпарат берді. Жастарға ""Жасөспірімдер наркоманиясы", "Темекі және оның зияны", "Ішімдікке салынудың  салдары" атты бейнероликтер  көрсетілді. Жастар өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап алды.

 

Семинарда психолог  Ұлбике Зуфтарованың ұйымдастыруымен  студенттер "Менің досым нашақор", "Жетекші мен соқыр" рольдік ойындарын ойнады. Жастарға бұл шара ұнады, олар жоғары белсенділік танытты. Ақпараттық түсіндіру құралдарын алып, өз пікірлерін жазып қалдырды. Колледж ұстаздары өз кезегінде медицина қызметкерлеріне келесі кездесуді қыздар арасында өткізу туралы ұсыныс жасады.