Жасөспірімдер теміржолда жазым болмасын деп...

Primary tabs

Мамыр 02, 2019 / 0 комментарии

  Қарасай аудандық орталық ауруханасы салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігерлері мен медбикелері мектептерде шойынжолдардың маңындағы қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде жиындар өткізуде, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. 

Бұл кездесулерді өткізуге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жолдаған хаты себеп болған. Атап айтқанда, 2019 жылғы 11 сәуірде Ақмола облысы Атбасар ауданының Мариновка ауылында Мариновка қазақ орта мектебінің 8 сынып оқушылары мектеп аумағынан 50 метр қашықтықта орналасқан Ирченко станциясындағы темір жол жағына жүгіріп шығып, олар жүк вагонына мінген, нәтижесінде бір оқушы электр тоғына түсіп қаза болған. Өзге аймақтарда бұл жағымсыз жайт қайталанбас үшін мамандар алдын алу шараларын жүзеге асыра бастаған. 

 Мысалы, орталық  аурухананың  салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері  Дана Таждинова  және мейірбике Жұлдыз Алымжанова  Шамалған станциясындағы темір жолға жақын орналасқан   Алтынсарин  орта  мектебінде   мектеп оқушыларымен кездесті.

    Осы кездесуге темір жол бекетінің инспекторы арнайы шақырылды. Инспектор оқушыларға темір жолда кездесетін қауіп-қатердің түрлері, сақтық шаралары, тиым салынған әрекеттер, темір жолда кездесетін құқық бұзушылықтар мен оларға жауапкершілік түрлері  туралы толық ақпарат берді. Дәрігер темір жолда кездесетін жарақат түрлері, журу ережелері бойынша слайдпен әзірленген бейнематериал көрсетті. Сонымен қатар, денсаулықты сақтау мен  нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы кеңестер алды. Мектеп мейірбикесі Абдухалимова Шолпан оқушыларға сұрақтар қойды. Ал, қатысушылар  жауап беріп, өз белсенділіктерін көрсетті. Бұл іс-шарада 320 оқушы ақпаратпен қамтылды.

Ал, 29 сәуір күні аталған дәрігер мен медбике Елтай ауылдық округында орналасқан Көкөзек орта мектебіне барды. Ондағы мақсат - балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыру, теміржолға жақын жерде қауіпсіз болу мәселелері бойынша сұхбаттасып, 7-15жас аралығындағы балалар арасында темір жолда болатын жарақаттанудың түрлері, алғашқы медициналық көмек көрсету тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу еді. Оқушылар слайдпен әзірленген бейне материалды көріп, денсаулықты сақтау мен нығайту, қауіпсіздік шаралары, темір жолда жүру ережелері көптеген пайдалы кеңестер алды. Сұрақтарға жауап берді, өз ойларымен бөлісті. Түсіндіру жүмысы одан әрі осы ауылда орналасқан Бейсебаев мектебінде жалғасты. Іс-шарада барлығы 220 оқушы ақпаратпен қамтылды.