Жас педагогтар жұмысқа орналасу үшін биылдан бастап арнайы сертификаттаудан өтеді ме?

Primary tabs

Мамыр 28, 2021 / 0 комментарии

2021 жылдың күзінен бастап, педагог жас мамандар жұмысқа орналасу үшін арнайы сертификаттаудан өтуі тиіс. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халыққа есеп беру кездесеуінде айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz  holanews сайтына сілтеме жасап.

«Оқуын осы жылы аяқтаған жас педагогтарда ұлттық біліктілікті арттыру сертификаты болуы қажет. Олар мектепке қабылданғаннан кейін өздерінің педагогикалық шеберліктерін іс жүзінде көрсетіп, педагогикалық біліктілігін арттырып қана жұмысқа кірісе алады» — деді Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, алдағы уақытта педагогтардың жалақысы екі есеге дейін көтерілуі мүмкін.