Жағдайы нашарлаған иесін құтқарып қалған ит елдің жүрегін елжіретті

Primary tabs

Сәу 19, 2021 / 0 комментарии

АҚШ-тың Миссури штатындағы Канзас-Сити қаласында төбет иесін құтқарып қалды деп хабарлайды Lenta.ru. 

Бұл оқиға 11 сәуір күні болған. Ер адам итімен бірге серуенге шыққан екен. Алайда оның аяқ астынан денсаулығы нашарлаған көрінеді. Осы кезде қасындағы иті жақын маңдағы үйге жүгіріп барып, ондағы тұрғындарға иесінің бірдеңге тап болғанын сездірген. Олар оқиға орнына барып, тез арада жедел жәрдем шақыртқан. Болған жайт туралы полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде жазған. "Ақылды әрі адал ит пен көмек көрсетуге ұмтылған жергілікті тұрғындардың арқасында ер адамға жедел түрде медициналық көмек көрсетілді. Қазір ол өзін жақсы сезінеді. Төбетке марапат ретінде көптеген дәмді тамақ берілді", - дейді полициядан Жазба бірнеше лүпіл жинап, әлеуметтік желілерде лезде тараған. Көпшілік жануардың иесіне тезірек сауығып кетуін тілеген. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркіменстанның Мары қаласында алабай итін асыраушыларға ұн тарататынын жазған едік. Ит асыраушылар ай сайын жеті келі ұн алып отырады. Ол үшін тұрғындар ветеринар кітапшасын жергілікті мемлекеттік дүкендерге өткізуі тиіс. Мәліметті мемлекеттік дүкендердің қызметкерлері растады. Одан бөлек, бордер-колли тұқымына жататын бір жасар ит әлемдегі ең қымбат төбет ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген болатын. Ол аукционда 38,8 мың долларға (15,8 млн теңгеде астам) сатылған.