Жеке шоттан үзінді
Primary tabs
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірірстер департаменті «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес салық төлеушінің кабинетіндегі жеке шоттан үзінді көшірмеде жергілікті өзін-өзі басқару органдары бойынша деректер және кедендік баждарын төлеуді кейінге қалдыру және бөліп-бөліп төлеу үшін пайыздар қосылды деп хабарлайды.
Осыған байланысты жеке шоттан үзінді көшірмеде және жеке шоттың карточкасында бағандар мен жолдардың саны кеңейтілді.
Сонымен қатар, сұраныстар саны бойынша жеке шоттан үзінді көшірмені оңтайландыру жүргізілді.
Жеке шоттың жай-күйі туралы ақпарат алу үшін БСК-ның ашылмалы тізімінен салықтың немесе төлемнің түрін ғана таңдап алу, бір күнтізбелік жылмен шектелмеген қажетті кезеңді көрсету және ақпарат алуға сұрау салу жіберу қажет.
Жеке шоттан үзінді көшірмені қарау ыңғайлы болуы үшін БСК бағанын көлденең және тігінен бекіту жүргізілді.
Жеке шоттар бойынша ақпарат алуға немесе басқа кезеңдегі жеке шоттарды жаңартуға жаңа сұрау жіберу үшін «сұрау» батырмасын пайдалану қажет. Мұндай жағдайда БСК қайта көрсету талап етілмейді, деректер ағымдағы күнге автоматты түрде жаңартылады. Жүйе жеке шоттар бойынша ақпарат алуға бұрын жіберілген барлық сұраулар бойынша ақпаратты қарауға мүмкіндік береді. Жеке шотты қалыптастыру жеке шоттар ашылған жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қоса алғанда, барлық мемлекеттік кірістер органдары бойынша бір мезгілде жүргізіледі.
Заңды тұлғалар үшін заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің (филиалының) жеке шоты бойынша ақпаратты сұратуға және қарауға мүмкіндік беретін басқару элементтері қосымша бейнеленеді.
Сондай-ақ жеке шоттардың сальдосын есебі Мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерде салық төлеушінің кабинетінде тексеруге болады.
8 ақпанда жеке шоттан үзіндіні Exel форматына шығару мүмкіндігі жүзеге асырылады.