Жолда сары белгі пайда болды: Бұл нені білдіреді

Primary tabs

Сәу 17, 2021 / 0 комментарии

Нұр-Сұлтанда алғаш рет жол белгісі ретінде сары сызық қолданылды – Мәңгілік ел даңғылындағы бөлу жолағы сарыға боялды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Елорда полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, эксперимент жол апатын азайтуға бағытталған. "Елорда аумағында пилоттық жоба аясында Мәңгілік ел даңғылының бойында Ұлы Дала көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейін жол белгісі ретінде сары түсті тұтас қос сызықты қолдану бойынша жұмыстар эксперименттік тәртіпте ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бұл белгіні Жеңіс және Сарыарқа даңғылдарында қолдану жоспарланып отыр", - деп түсіндірді полиция. Мұндай белгі әлемнің көптеген елінде қолданылады.

"Бұл белгі жүргізушілердің жолға назар салуына мүмкіндік береді, сонымен қатар қыста ауа райы нашарлап, жауын-шашын түскен кезде жол қауіпсіздігі деңгейін арттырады", - деп түсіндірді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков.