Жолсерік жолаушының телефонын ұрлап кейін оны іздеуге көмектескен

Primary tabs

Қзн 18, 2021 / 0 комментарии

Астана-Орал пойызының жолсерігі жолаушы ұйықтап жатқанда, жастығының астынан ұялы телефонын алып алған. 45 жастағы жолаушы Тобыл станциясындағы желілік полиция бөліміне хабарласып, ұйықтап жатқан кезде, ұялы телефонын белгісіз біреу жастығының астынан алып алғанын айтқан.

Кейін жолаушының ұялы телефонын ұрлаған, 26 жастағы вагон жолсерігі екені анық болған. Ол жәбірленушінің мас күйінде қатты ұйықтағанын пайдаланып телефонын ұрлап алған. Жәбірленуші оянып, телефонын іздей бастағанда, іздеп табуға белсенді түрде көмектескен.

Кейін ҚТЖ қызметкері ұрланған телефонды қайтарып бергендіктен қылмыстық іс тоқтатылған.
ҚТЖ қызметкері тәртіптік жазаға тартылатын болады.