"Жол картасы - 2020":Табыссыз қалғандар үшін жұмыс бар

Primary tabs

Сәу 27, 2020 / 0 комментарии

Карантин жағдайында табыс көзінен айырылған жандар мемлекеттік бағдарлама негізінде жұмысқа тұра алады, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. 

Бұл туралы аудандық жұмыспен қамту орталығы мәлімдеді.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» ІІІ-бағыты бойынша "Қоғамдық жұмыс орындарына" жұмыссыз белсенді азаматтарды және "Жастар тәжірибиесіне" жас мамандарды шақырамыз! Толығырақ ақпарат алғыңыз келсе: Шамалған ауылы, Шамалған ауылы 45 мекен-жайына келіңіз немесе ұялы байланыс тел: 8 (727) 715 6189 хабарлассаңыз болады" делінген мекеме хабарламасында.

Сонымен қатар, орталық мамандары бүгін ақпаратты халыққа толық жеткізу мақсатында, көше бойына шатыр тігіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Яғни, табыс көзінен айырылған, еңбекке қабылетті жандар тұрғылықты мекенжайы бойынша әкімдікке немесе аталған орталыққа келіп тіркелуі керек. Оларға айына 85 мың төленетін қоғамдық жұмыс ұсынылады. 

Акция барысында 200 ден астам азамат ақпараттар алып, жұмыстарынан босап қалған азаматтар жұмысқа орналасуға және бағдарламаға қатысуға ниетті екендіктерін білдірді.