Жымқыру дерегі

Primary tabs

Тмз 21, 2020 / 0 комментарии

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ҚР ҚПК-нің 200- бабының тәртібімен енгізілген ұсыныс Түпқараған ауданы әкімдігінің онлайн режимде өткізген мәжілісінде қаралды.

Ұсыныста «Түпқараған аудандық ветеринариялық станциясы» КММ басшысының заңсыз әрекеттері келтірілді. Аталған мекеме басшысы бір жыл көлемінде жұмысқа келмеген және осы мерзім аралығында Маңғыстау облысынан тыс жерде жүрген азаматтың шотына ай сайын еңбекақы ретінде жалпы сомасы 1 105 540 теңге қаражатты аударып, КММ мүлкін жымқырған.

Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа алып келген жағдайлар, мән-жайлар талқыланды. Сондай-ақ, аталған құқық бұзушылықтар бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларға тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Айта кетейік, Департамент тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының талаптарын бұлжытпай орындауына алдағы уақытта да көңіл бөлінетіні айтылды.