Жүргізуші куәлігін қалай алуға болады?

Primary tabs

Тмз 23, 2021 / 0 комментарии

Осыдан біраз уақыт бұрын қазақстандық жүргізушілер жүргізуші куәлігімен техпаспортты өзімен бірге алып жүру міндеттілігі алынып тасталды. Бар болғаны жеке куәлігі болу жеткілікті.

 

Алайда егер сіз өз көлігіңізді сатқыңыз келсе немесе оған жөндеу үшін кейбір бөлшектерді іздесеңіз, онда құжаттар міндетті түрде қажет болады. Кейде әртүрлі ТҚКС-ны аралап, адамдар техпаспортын жоғалтып жатады.

 

Бұл жағдайда тез қалпына келтіру үшін оңтайлы шешім бар. Ол үшін мамандандырылған ХҚО-ға барып, төмендегі құжаттармен жүгіну қажет:

- Өтініш;

- Жеке куәлік;

- Техпаспортты бергені үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек;

 

Қызмет құны 1,25 АЕК немесе 3647 теңге. Жаңа техпаспорт 1,5 сағаттан кейін дайын болады да, сіз оны бірден алып кете аласыз.

 

Құжаттарыңызға мұқият болыңыз және жоғалтпаңыз!