Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу
Primary tabs
Ипотека алу туралы шешім қабылдасаңыз, онда сізге зейнетақы аударымдары туралы анықтама міндетті түрде қажет. Бұл анықтаманы бірнеше жолмен алуға болады. Төменде нұсқаулық көрсетілген.
eGov.kz портал арқылы:
1. Сізге ыңғайлы тәсілмен порталда авторизациядан өтіңіз
2. «Әлеуметтік қамтамасыз ету» бөлімін ашыңыз
3. «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу» қызметін табыңыз
4. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз
5. Аударымдар туралы анықтама қандай уақыт кезеңі үшін қажет екенін көрсетіңіз
6. ЭЦҚ арқылы қызметке қол қойыңыз және анықтама 20 минут ішінде дайын болады.
eGov mobile қосымшасы арқылы:
1. Қосымшаға кіріп, тіркеліңіз
2. «Қызметтер» бөлімінен «Жеңілдіктер, жәрдемақылар, зейнетақылар» бөлімін табыңыз
3. Содан кейін «Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат» бөлімін ашыңыз
4. Қажетті кезеңді көрсетіңіз
5. ЭЦҚ немесе СМС көмегімен қызметке қол қойыңыз, анықтама 4 сағат ішінде дайын болады.
@Kenes1414bot (EgovKzBot2.0) телеграм-бот арқылы:
1. @Kenes1414bot (EgovKzBot2.0) телеграм-ботын табыңыз
2. Мәзірден «Қызметтер» бөлімін таңдаңыз
3. Содан кейін мессенджер арқылы «Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат (инвестициялық табысты ескере отырып)» бөлімін таңдаңыз
4. Өз атыңызды жіберіңіз
5. Телефон нөміріңізді жіберіңіз
6. Қажетті кезеңді көрсетіңіз
7. SMS арқылы сізге келетін кодты жіберіңіз
8. Бірнеше минут ішінде анықтама дайын болады. Сіз оны жүктей аласыз немесе поштаңызға бағыттай аласыз.
Қажетті анықтамаларды үйден шықпай-ақ алыңыз!