Зейнеткер Баянауылдағы қарды видеоға түсіргені үшін кешірім сұрады

Primary tabs

Қзн 08, 2021 / 0 комментарии

Павлодар облысын қар басып қалды. Тұрғындар әлеуметтік желіде қардың видео және суреттерін белсенді түрде таратуда.
Баянауыл өңірі, Егіндібұлақ ауылының зейнеткеріде ауылдағы қардың қаншалықты жауғанын түсірген. Белгілі болғандай зейнеткер ешқандай шағымсыз видеоны туыстарына жіберген.
Кейін зейнеткерге әкімдік қызметкерлері келіп кешірім видео түсіруге мәжбүр еткен.
Баянауыл облысының әкімі Кәрімов Қанат мән -жайды zakon.kz порталына түсіндірді. Оның айтуынша, екі күнде облыста жауын -шашынның 1,5 айдан астам нормасы түскен. Ауданда төтенше жағдай жарияланды.

" Барлық аудан әкімдеріне жағдайды қадағалап отыруға бұйрық берілді. Өкінішке қарай әкімдердің бірі дұрыс жұмыс атқармады. Мен ападан кешірім сұрадым, күйеуімен сөйлестім",- деді Кәрімов.