Израильде "жүкті" нәресте дүниеге келді

Primary tabs

Шлд 29, 2021 / 0 комментарии

Израиль дәрігерлер өте сирек кездесетін патологияның куәсі болды. Аяғы ауыр келіншек дүниеге "жүкті" нәрестені алып келген. Нәрестенің құрсақ қуысында тағы бір ұрық дами бастаған екен деп жазады JPost.

"Ұрықтағы ұрық" деп аталатын мұндай диагноз 500000 жағдайдың бірінде ғана кездеседі екен. Нәресте дүниеге келгеннен кейін ақ халаттылар оған шұғыл ота жасаған.

"Әйел босанған кезде біз нәрестенің іші тым үлкен екеніне бірден назар аудардық. Біз баланың ішінде бірдеңе барын сезіп, ультрадыбыстық зерттеу жасауды ұйғардық. Ақыры ішінде жартылай дамыған ұрықтың барын түсінгенде қатты таң болдық. Біз оған дереу ота жасап, ұрықты шығардық. Нәресте бірнеше күн ауруханада болып, жағдайы жақсарғаннан кейін шығарылды", - дейді дәрігер Омер Глобус. 

Әдетте мұндай патология егіздердің бірі екіншісінің денесіне еніп, әрі қарай дами бастауынан туындап жатады дейді ақ халаттылар. Нәрестенің де, оның анасының да жағдайы жақсы деп бағалануда.

Еске салсақ, бұған дейін Грузияда бір отбасында бір жылдың ішінде 20 бала дүниеге келгенін жазған едік. Бүгінде сәбилерге 16 бала күтушісі қарайды.

Одан бөлек, 22 баланы дүниеге әкелген батыр ананың өмірі жайлы жазған болатынбыз. 1989 жылдан бері 11 қыз бен 11 ұл сүйген ерлі-зайыптылар туралы деректі фильмді Channel 5 арнасы жариялады. Бүгінде көпбалалы отбасы сыйымдылығы он адамға деп салынған бұрынғы қарттар үйін паналап жүр.