Инфекционист коронавирустың "мақсаты" не екенін айтып берді

Primary tabs

Шлд 12, 2021 / 0 комментарии

Ресей денсаулық сақтау министрлігінің жұқпалы аурулар жөніндегі бас маманы, профессор Владимир Чуланов коронавирустың "мақсаты" не екенін айтып берді деп хабарлайды "Известия" басылымы.

Маманның пікірінше, коронавирусқа бізді өлтіру тиімді емес, оған тек тез таралу маңызды.

"Біз таралуы тұрғысынан басқаларға қарағанда артықшылығы бар штамдардың пайда болуы мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз. Вирусқа дәл осы нәрсе қажет. Оған бізді өлтіру тиімді емес, сондықтан ол патогенді болуды мақсат етпейді - ол үшін тез таралу өте маңызды. Бірақ біз вирустың әлдеқайда уытты нұсқалары пайда болуы мүмкін екенін де жоққа шығара алмаймыз", - дейді Чуланов. Оның айтуынша, "коронавирус тұмаудан еш айырмашылығы жоқ қауіпсіз вирус деген жаңсақ пікірден арылу керек".

COVID-19-дан болатын өлім-жітім тұмауға қарағанда он есе жоғары. Әлемде осы аурудан төрт миллионнан астам адам қайтыс болды. Сонымен қатар, COVID-19-дан уақытылы емделмей, ауыр асқынуларға жол беру жағдайлары да жиі кездесетін болған", - деп қосты Владимир Чуланов.

Еске салсақ, бұған дейін ОКҚ-дағы онлайн брифингте денсаулық сақтау министрлігі комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова "шомылу кезінде коронавирус жұқтыру мүмкін бе" деген сауалға жауап берген еді.

Одан бөлек, Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің ересектерге алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша бас штаттан тыс маманы Андрей Тяжельников ыстық ауа райында коронавирусты жұқтыру қаупі қаншалықты жоғары екендігін айтып берген болатын.