Карантинге алынған "Асыл Арман" тұрғын үй кешені тәулік бойы бақылауда
Primary tabs
Толық карантинге алынған "Асыл Арман" тұрғын үй кешені тәулік бойы бақылауда, деп хабарлайды Kaskelenkz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарасай ауданында кентаралық аумақтардағы және карантинге алынған "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің айналасында орналасқан жаяу бекеттермен қоса негізгі жеті тосқауыл-бекет жұмыс істейді.
«Аталған тұрғын үй кешені қазіргі уақытта біздің жіті бақылауымызда. "Асыл Арман" ТК аумағы маңында тәулік бойы полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер қызмет атқаратын 6 жаяу бекет қойылған. Күзет орындарына түсетін нарядтар тиісті бақылау және тексеру жұмыстарын және азаматтармен профилактикалық іс –шараларды жүргізеді. Сонымен қатар,карантин режимі кезеңінде қауіпсіздік шаралары мен барлық белгіленген ережелерді сақтауға шақырады» ,-дейді Қарасай ауданы полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Асхат Данияр.
Барлық бекеттерде тәулік бойы жүз тәртіп сақшысы қызмет атқарады. Сондай - ақ, жаяу нарядтар "Алтын Орда" базарының солтүстік қақпасы мен Іргелі ауылындағы жаңа құрылыс бағытындағы "Құрдас-7" базарының маңында қойылды.
Бүгінгі таңда Қарасай ауданындағы бекеттер :