Кегендегі Мұзтаудың кереметі

Primary tabs

Ақп 11, 2021 / 0 комментарии

Ақпан айының алғашқы аптасында Кеген ауданына сапар шектік. Жоспарымыз бойынша Шарын, Көлсай, Мұзтау басты нысанымыз болды.

Көптен бері үйден алыстамағандікі болар, сыртта қонғанымыздың өзі бір қызық болды! Негізі мүмкін болса журналистермен бірге сапарға шыққан қызық болады екен.

 Ұзақ жолды артқа тастап, #Шарын шатқалына да жеттік. Шарын —еліміздегі туристік орындардың алдыңғы қатарында. Шатқал «қорғанды қамалдар аңғары» деп те аталады екен. Оның биіктігі әр түрлі. 150-300метрге жетеді. Сондай—ақ қоңыр-сары топырақ, құмды жарларды көргерде басқа әлемге тап болғандай күй кешесіз! 

            Ал Көлсай көлдері мүлдем басқа.Сұлулығына көз тоймас,  сірә!  3көлден құралған көлге келушілер саны да көп.

 Алматы қаласынан 280шақырым жерде орналасқан көлдерді көру үшін 4—4,5 сағат жол жүресіз. Жолы жақсы.

#Көлсай қазақ елінің ұлттық брендінің бірі десек болады.

              2 күнге созылған сәтті сапарымызда ерекше есте қалғаны  Кеген ауданына қарасты Шырғанақ ауылындағы Мұзтау болды. Сыртынан қараған адамға оянып жатқан жанартаудай көрінеді. Ал шын мәнінде табиғаттың тосын сыйымен пайда болған 14 метрлік мұзтау – атқылап жатқан бұлақ суынан пайда болған. Тұрғылықты халықтың айтуынша осы жылы мұзтау өткен жылдағыдан биігірек қатқан екен.

⠀          Жалпы мұзтауды тамашалауға келіп жатқан адамдар санында шек жоқ.

⠀          Сонымен қатар, айтпасқа болмас, біз сапарлатқан аудан Алматы облысын сүтпен қамтамасыз етіп отырған бірден бір аудан. Сүт тағамдары өте құнарлы әрі арзан. Есте болсын, 1 литр сүттің бағасы – 60теңге. Иә, 60теңге.

Сүтімен айранын ішіп, құртымен қаймағын татқанда көкейіңізге: «Осы кезге дейін жеп жүрген ағарғандарым таза өнім емес пе?» деген күдік ұялатыны анық. Өйткені, шын мәнінде мұндай тіл үйіретін сүт өнімдерін біз пайдаланып жүрген өнімдермен салыстыруға келмейді. Айырмашылықты бірден байқайсыз!

 

             Мүмкін болса жазда аралаған дұрыс болады екен. 

Жолыңыз түсіп Кеген ауданына барып жатсаңыз, ағарғанынан дәм татып, табиғатын тамашалап қайтыңыз! Өкінбейсіз!

 Куаныш Шаханов, блогер.