Коронавирус жұқтырған жүкті әйел шетелден келген

Primary tabs

Нау 30, 2020 / 0 комментарии

Қарасай ауданында коронавирус жұқтырған екінші науқас та шетелден келген, - деп хабарлайды Kaskelenkz  Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

1995 жылы туған, Қарасай ауданы "Асыл арман" ықшам ауданының тұрғыны. Вирус анықталған азаматша жүктіліктің 21-22 аптасында. Қазір ол  Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасында ем алуда. 

Ал "Асыл арман" ықшам ауданында толықтай залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген және  науқас тұрған №6 үй карантинге алынған.