Коронавирус пен пневмония елімізде тағы 100 адамның өмірін жалмады
Primary tabs
Соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирустан 86, пневмониядан 14 адам қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 31 шілдедегі жағдай бойынша 95 998 адам (93 366 КВИ + және 2 632 КВИ-) коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 27 004 науқас ауруханада, 68 994 науқас амбулаторлық деңгейде емделуде.
"86 адам коронавирустан, 14 адам пневмониядан қайтыс болды. 1 677 науқас ауыр жағдайда, 349 науқас өте ауыр жағдайда жатыр, 334 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республкасы Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2021 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялаған болатын.
Соңғы деректер бойынша:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары тұрса,
«Сары» аймақта: Түркістан облысы ғана орналасқан. Сонымен бірге, елімізде өткен тәулікте тағы 7691 адамнан ПТР арқылы коронавирус инфекциясы анықталғанын хабарлаған едік.
Осылайша, елімізде пандемия басталғалы бері қауіпті дертке шалдыққандар саны 572 576-ға жетіп отыр.