Көлік сақшылары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесін атап өтті

Primary tabs

Жел 15, 2020 / 0 комментарии

Бүгін Көліктегі полиция департаментінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесі ерекше салтанатпен аталып өтті. Мерекелік шараға Департамент басшылығы, жеке құрам мен ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

Жиынды құттықтау сөзімен ашқан Департамент бастығы Оңал Бекеев: «Тәуелсіздік күні – Ұлы мереке. Елдік пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы Ұлық мереке қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға береке-бірлік, Отанымыз-Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы қызметтегі барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін», - деді.

Сондай-ақ, полиция полковнигі көлік полициясының тәуелсіз жылдар ішінде ішкі істер органдарының маңызды саласына айналып, кәсіби шыңдалғандығын айтты. Ол азаматтардың өмірі мен заңды мүдделерін, мемлекет пен қоғамның қауіпсіздігін қылмыстық әрекеттерден қорғау жолында сақшылардың өз міндеттерін үлкен жауапкершілікпен атқара беретіндігіне сенім білдірді.

На изображении может находиться: 13 человек, люди стоят и в помещении

Шара барысында адал қызметімен үздік деп танылған 90-ға жуық қызметкер Тәуелсіздік күніне орай ҚР Ішкі істер министрі мен департамент басшылығының құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды.