Көпбалалы аналар жаппай жәрдемақыға құжат тапсыруда

Primary tabs

Қаң 16, 2020 / 0 комментарии

2020 жылдан бастап көпбалалы аналарға төленетін жаңа жәрдемақыға құжат тапсырушылар әкімікте сағаттап кезекке тұруға мәжбүр, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Редакциямызға хабарласқан бір топ ана Қаскелең қалалық әкімдігінде жарты күн бойы босқа отырып қайтып жатырмыз деп шағымдануда. Себебі, әкімдік мамандары құжат өткізуге келген әйелдерге қызмет көрсетіп үлгере алмауда. Әкімдікте бұл бағыт бойынша екі ғана маман тынымсыз жұмыс істеп отыр деп ақталды жүз шақты тұрғынның алдында әкімдік өкілдері. Аталған мәселеге қатысты Қарасай аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары төмендегідей пікір білдірді.

«Құрметті: Қарасай ауданының тұрғындары! 2020 жылы Атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысының Заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке өтініштер қабылданып, жәрдемақы тағайындалуда. Өткен 2019 жылы жәрдемақы тағайындалған отбасылардың «Атаулы әлеуметтік көмекке» мұқтаж еместігі анықталып, Заң бұзушылардан жәрдемақы қайтарылған. Осыған орай, «Атаулы әлеуметтік көмекке» өтініш білдірген отбасылардан өтініш қабылданып, тұрмыстық жағдайы тексеріліп, тек мұқтаж отбасыларды анықтап, жәрдемақы тағайындалады. Сондықтан, сабыр сақтауларыңызды сұраймыз!!!»