Лукашенко Путинмен кездесу үшін Санкт-Петербургке ұшып кетті

Primary tabs

Шлд 13, 2021 / 0 комментарии

Беларусь президенті бүгін, 13 шілдеде Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Владимир Путинмен кездеседі деп хабарлайды "Пул Первого" Телеграм арнасы. 

Сейсенбі, 13 шілдеде Беларусь пен Ресей президенттерінің кездесуі өтеді. Владимир Путин мен Александр Лукашенко халықаралық мәселелерді, сондай-ақ түрлі салалардағы ынтымақтастықты арттыруды талқыламақ. Қазіргі уақытта Беларусь президентінің Санкт-Петербургке ұшып кеткені айтылды. Екі ел басшыларының бұл кездесу туралы 1 шілдеде шешім шығарғаны хабарланды.

"Санкт-Петербургте Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу өтеді, жиын барысында мемлекет басшылары түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытуды, халықаралық мәселелерді талқылайтын болады", - делінген хабарламада.