Маңғыстауда үш айлық баланың жұтқыншағынан әшекей алынды

Primary tabs

Қаң 22, 2021 / 0 комментарии
Маңғыстау облысында дәрігерлер үш айлық сәбидің жұтқыншағына динозавр пішінді әшекейді алып тастады деп хабарлайды Kaskelenkz
Мәселенің мән-жайына терең үңілсек, 20 қаңтарда нәресте Жаңаөзен қаласынан облыс орталығына шұғыл жеткізілген.
Маңғыстау облыстық көп бейінді балалар ауруханасының дәрігері Қазбек Шүкіров баланы ұйықтату арқылы әшекей бұйымды нәрестенің жұтқыншағынан эндоскопиялық әдіспен алған.
"Бақытымызға орай, сәби аман қалды. Егер ол затты тереңірек жұтып қойғанда оның зардабы қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін еді", – дейді дәрігер.
Ата-анасының айтуынша, сәбидің аузына әшекей бұйымды екі жас үлкен бауыры салған көрінеді.
Ақ халаттылар ата-аналарға сақтық шараларын сақтап, әсіресе кішкентай балаларға мұқият болуды еске салды.