Маңғыстау өңірінде екі ауылды құм басты

Primary tabs

Сәу 13, 2021 / 0 комментарии

Сазды және Жарма елді мекендері Ақтөбе ауылдық округіне қарайды. Желмен келетін құм шеткі жер үйлер мен мал қораларды көміп тастаған. Жергілікті тұрғындар ауласын қанша тазаласа да құм көшкінін тоқтатар дәрмені жоқ деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.
Жарма ауылы Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе елді мекенінен 63 шақырым қашықта орналасқан. Сусыған құммен алысып шаршаған кей тұрғын басқа жерге көшіп жатыр. Қазір бар-жоғы 20 үй қалды. Ауыл азаматтары өз қаражатына техника жалдап, жылда күретеді екен. Алайда шыққан нәтиже шамалы.
"Мен 100 мың теңге мен 1 тай бердім. Екі күнде қорамның айналасын тазалап берді. Менің өзім, елдің не бергенін білмеймін. Жасатты әр-әрден шамасы келгендері. Күреп жатыр жігіттер. Бірақ қол күші болған соң өнеді ме жұмыс?!", – дейді ауыл тұрғыны Алдаберді Ақшабаев.
Өзекті мәселе жармалықтардың басын ауыртып жүргеніне 25 жылға жуықтады. Олардан 20 километр қашық қонған Сазды ауылы да осындай күй кешіп отыр. Жақын маңдағы Сауысқан деп аталатын шағын елді мекен былтырдан бері құм құрсауында қалған.