"Мектепке жол" акциясы басталды
Primary tabs
Қарасай ауданында "Мектепке жол" акциясы басталды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. Биыл аталған акция "Жүректен жүрекке" ұранымен ұйымдастырылуда.
Аталмыш акция биыл республика бойынша биыл дәстүрлі түрде 12-ші рет ұйымдастырылып отыр. Маңызды іс-шараның мақсаты оқушыларды мектепке толық дайындау, көп балалы, жетім, жартылай жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқор болып, олардың әлеуметтік себептер салдарынан мектепке бара алмауынан алдын алу болып табылады.
Қазіргі таңда аудан көлемінде мұқтаж отбасыларға жәрдем беру жұмыстары бастау алды. Осылайша, демеушілердің көмегімен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары мектепке қажетті киімдермен және құрал-жабдықтармен қамтылуда.