Мобильді ауыл

Primary tabs

Мамыр 24, 2021 / 0 комментарии

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Алматы облысында «Мобильді ауыл» жобасы іске қосылды,-деп  хабарлайды  kaskelen.kz

Жобаның басты мақсаты- тұрғындар мен мемлекеттік мекеме басшылары арасында тікелей байланыс орнату, туындаған сұрақтары мен мәселелеріне уақытылы шешім табуына көмектесу, кеңес беру.

«Мобильді ауыл» жобасы аясында Жібек жолы ауылдық округінде «WhatsApp» мессенджерінде арнайы “ Жібек жолы мобильді ауылы” атты топ ашылды. Топ құрамында ауылдық округ әкімі және мамандары, учаскелік полиция қызметкерлері, амбулатория басшысы, мектеп директорлары, институт директоры, балабақша меңгерушісі, ардагерлер ұйымы төрағасы және әжелер алқасы төрайымы бар.

Тұрғындар арасында «WhatsApp» мессенджеріндегі «Мобильді ауыл» тобына қосылатын азаматтар болса, тұрғылықты жері бойынша Жібек жолы ауылдық округі әкімдігіне тікелей жүгінуге болатынын хабарлаймыз.