Мүгедектерге кресло-арбалар беру

Primary tabs

Қзн 23, 2020 / 0 комментарии

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар  мүгедектер арбасына тапсырысты  ХҚО арқылы бере алады. Ал біз бүгінгі #oqy&toqy айдарында оны жүзеге асыру жолын көрсететін боламыз.

ХҚО арқылы:

ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз;

Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растап, жеңілдік терезесіне талон алыңыз;

Операторға қажетті құжаттарды ұсыну арқылы қызметті 15 минутта рәсімдеңіз.

 

Мобильді топты шақырту арқылы:

"1414" бірыңғай байланыс орталығына мобильді топты үйге шақыртуға тапсырыс беру арқылы жүзеге асады. Сізбен ХҚО операторы байланысып, мән-жайды толық анықтайды және 10 күн ішінде сіздің мекенжайыңызға келіп, құжаттарды рәсімдейді. 

 

Сізге қажетті құжаттар:

Жеке басыңыздың куәлігі;

Егер сенімді өкіліңіз келген болса, оның сенімхаты (нотариалды растау қажет емес);

Медициналық оңалту бағдарламасы жөнінде анықтама;

Мүгедектігі жайлы куәлік;

Егер ҰОС ардагері немесе соған теңестірілген азамат болса, ол туралы куәлік;

Егер әрекетке қабілетсіз азамат болса, ХҚО-ға оның заңды өкілі құжат тапсыра алады.

 

Қызмет көрсету уақыты:

Құжат тапсырған күнді есепке алмағанда, 10 жұмыс күні ішінде.

 

Қызмет нәтижесі:

Ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келген  кезде мүгедектерге арналған арбаның берілуі жайлы шешімді ХҚО-дан аласыз. 

 

Ескерту, мүгедектерге арналған арба Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасынан беріледі.