Мұз үстінде қобыз тартқан ару

Primary tabs

Қаң 23, 2021 / 0 комментарии

 Әлеуметтік желіде мұз үстінде қобыз тартқан арудың видеосы тарап, көпшіліктің талқысына түсті. Оқырмандардың жоғары бағасына ие болған ролик Алматы облысы Қапшағай су қоймасында түсірілген деп мәлімдеді Kaskelenkz тілшісі.Видеоны Асемай Нұрәділова есімді желі қолданушысы Instagram-дағы парақшасында жариялап, "Менің арманым орындалды... Осындай видеоның өмірге келуіне атсалысқан барша шығармашылық ұжымға алғысымды айтамын. Бұл - сіздердің арқаларыңыз" деген жазба қалдырды.Оның сөзінше, қазақтың ұлттық музыкалық аспабымен орындаған композициясы норвегиялық әртіс Александр Рыбактың "Fairytale" әні.Айта кететін жайт, өнер иесі осы туындысымен 2009 жылы "Евровидение" байқауын жеңіп алған.Мұз үстінде қобыз тартқан аруды көрген желі оқырмандары пікірлерін жарыса қалдырды.