Мұнайлылықтар қайтарымсыз мемлекеттік грант алып кәсібін өркендетіп отыр

Primary tabs

Қыр 24, 2020 / 0 комментарии

Бұл туралы Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлбақыт Ақниязова мәлім етті.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында жаңа бизнес идеяны іске асыруға жоспар бойынша  60  адамға 33 336,0 мың теңге бөлінді. Оның ішінде 29 адам көпбалалы, 1 аз қамтылған отбасы мүшесі, 21 жас кәсіпкер,  3 мүмкіндігі шектеулі тұрғын. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар қаражаты қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құстарды сатып алуға берілді»,- деді Гүлбақыт Ақниязова.

На изображении может находиться: люди сидят, спальня и в помещении

Ауданда «Бастау бизнес»  жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері курсына  159 адамға  жолдама берілді.