Мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерейі өскен күн

Primary tabs

Мамыр 23, 2019 / 0 комментарии

 Қарасайлық мәдени сала қызметкерлері марапатқа кенелді, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.  

2013 жылғы ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 21 мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні мерекеленеді. Оны Қазақстанның барша өнер, мәдениет қызметкерлері атап өтеді.
Қарасайлықтар да бұл дәстүрден қалыс қалмай, биыл Ұмтыл ауылдық округіндегі мәдениет үйінде тойлады.

Жиналғандарды  аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова құттықтап, жылы лебізін жеткізді. Сонымен қатар, бірқатар қызметкерлерге ерекше еңбегі үшін​ «Мәдениет майталманы» мен ​ «Өнерге қосқан үлесі үшін» медальдарын тапсырды. Сонымен қатар, облыстық «Үздік мәдениет қызметкері» байқауындағы номинация жеңімпазы мен Құрмет грамотасы иегерін марапаттап,  аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың атынан аудандық білім бөліміне, музей мен мәдениет саласының қызметкерлеріне және Жамбыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұжымына Алғыс хаттар берді.

Мерекелік жиын сәнін көршілес Жамбыл аудандық мәдениет бөлімі жанындағы «Сүйінбай сазы» фольклорлық- этнографиялық ансамблінің концерті келтіре түсті.