Мәжілістің бұрынғы депутаты Тарас Хитуов қайтыс болды
Primary tabs
Мәжілістің бұрынғы депутаты Тарас Хитуов 58 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды
Тарас Хитуов парламент мәжілісінің VI шақырылымдағы депутаты, кейінгі жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰҚ" АҚ омбудсмені болған. Марқұмның жақындары мен туыстарына мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин депутаттар атынан көңіл айтты.
"Тарас Киікбайұлы Хитуов адал еңбегі мен зор жауапкершілігімен еліміздің заңнамалық базасын жетілдіруге өлшеусіз үлес қосты. Тарас Хитуовтың керемет адам, сенімді дос, Отанының патриоты ретінде жарқын бейнесі оны білетін және бірге жұмыс істегендердің есінде мәңгі қалады", - дейді Нұрлан Нығматулин.
Айта кетейік, Тарас Киікбайұлы бокстан спорт шебері болған. Маңғыстау облысы әкімінің құрмет грамотасымен, Ақтау қаласының 50 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерімен жұмысты ұйымдастырғаны және үлес қосқаны үшін медалімен марапатталған.