Назар аударыңыздар!

Primary tabs

Қыр 15, 2020 / 0 комментарии

Қарасай ауданының аумағында  дәрілік заттарды жоғары бағамен өткізу (алыпсатарлық) фактілерін анықтау және жолын кесу, сондай-ақ, карантин режимін бұзушыларға қарсы  прокуратура, әкімдік, полиция және тауарлар мен көрсетілетін  қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы қызметкерлерінен құрылған мобильді топ жұмыс істейді.

Карантинді бұзу және дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сату фактілері туралы ақпаратты 8 (727 71) 2-16-93 телефон нөмірне хабарлауларыңызды сұраймыз. Қарасай аудандық прокуратураның мекенжайы: Қаскелең қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 3.