Нұр-Сұлтан қаласында синтетикалық есірткі жасаумен және сатумен айналысқан екі қыз ұсталды
Primary tabs
Нұр-Сұлтанда есірткі зертханасын ашқан екі қыз ұсталды деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы. Арнайы жасақталған тәртіп сақшылары Нұр-Сұлтанда Family Village деп аталатын саяжай қалашығындағы үйлердің бірінде синтетикалық есірткі өндіріп, оны Telegram арқылы сатқан.
Ведомство мәліметінше, жалдамалы үйді тінту кезінде 1 218 синтетикалық "экстази" препараты, екі келі "Альфа-PVP" синтетикалық есірткісі және 140 литрден астам прекурсор және үй жағдайында есірткі дайындауға арналған түрлі зертханалық жабдықтар табылып, тәркіленді.
Тәртіп сақшылары саяжайдан жалпы салмағы 3,84 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Ведомство мәліметінше ұсталғандардың бірі Ресей Федерациясының тумасы. Қазіргі уақытта айыпталушылардың қылмыстық әрекеттерін құжаттау, сондай-ақ, басқа да қатысы бар адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.