Облыстың бас полицейі ауысты

Primary tabs

Қаң 29, 2020 / 0 комментарии

Алматы облысының полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды.
Президент Әкімшілігінің және облыс әкімінің келісімімен Алматы облысының полиция департаментінің басшысы қызметіне Күдебаев Серік Мырзақұлұлы тағайындалды.
Полиция департаментінің жеке құрамына жаңа басшыны ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.
Осыған дейін облыстың полиция департаментін басқарған Мұрат Ұрымханов кадрлық резервке алынды.