Облыс әкімі ауруханаларға тексеріс жұмысарын жүргізді

Primary tabs

Сәу 03, 2021 / 0 комментарии

Жұма, сенбі күндері Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов Қапшағай қаласы мен Талғар, Іле, Қарасай, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Кербұлақ аудандарының ауруханаларының коронавирус індетінің таралуына (кезекті толқынына) дайындығын тексерді деп хабарлайды Kaskelen.kz тілшісі.

Ауруханаларға жатқызып, ем-дом көрсетуді қажет ететін науқастар санының күрт артуына байланысты, стационарлардағы жатын орындар 70-90 %-ке толған.

Ауруханаларға тәулігіне 150-200 адамнан түсіп жатыр. Осыған байланысты қосымша төсек орындар санын арттырып, өзге де медициналық мекемелерді коронавируспен күресу бағытына икемдеу туралы шешім қабылданды. Барлық ауруханаларда дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныш құралдарының бір айға жететін қоры бар.