Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Игорь Сонның допинг алғаны анықталды
Primary tabs
2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Игорь Сонның допинг сынамасы оң нәтиже берді деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.
Тест 2022 жылдың 9 ақпаны мен 2 наурызы аралығында жарыстан тыс допингті бақылау аясында анықталды.
«Допингке мүлдем қолданбау саясатын ұстана отырып ауыр атлетика федерациясы бұл оқиғаға қатысты қызметтік тексеру жүргізуді көздеп отыр», - делінген Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының сайтында.
Соннан басқа тағы бес спортшыда допинг анықталды.