Оспанбек Әлсейітов 2 айға қамауға алынды
Primary tabs
Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры ұсталды деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.
«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС басшысы Оспанбек Әлсейітовке және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
«ПМХЗ» ЖШС-нің дизельді қоспаны толтыру жөніндегі функцияларын аутсорсингке заңсыз иеліктен шығару фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін ысырап ету немесе иемдену) бойынша іс қозғалды.
Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры Әлсейітов 2 айға қамауға алынды.