Павлодар облыстық ауруханасындағы өрттен 112 бала эвакуацияланды

Primary tabs

Қзн 29, 2021 / 0 комментарии

Өрт Павлодар облыстық балалар ауруханасында орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, өрт 29 қазан күні сағат 03:36-да Павлодар облыстық балалар ауруханасының ғимаратында басталды.

Персонал болған оқиға туралы өрт сөндіру қызметіне және жедел медициналық көмек қызметіне, сондай-ақ оқиға орнына шұғыл келген аурухана басшылығына хабарлады. Оқиға орнына келген соң Нұркин көшесі, 75 мекенжайындағы инфекциялық стационардың «А» корпусындағы 1-бөлімшенің бірінші қабатындағы санитарлық өткізу пунктінде түтін ошағы анықталды, дәлізден түтін шықты, деді Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Ведомство «палаталарда түтін болған жоқ, себебі олар бокс түрінде жобаланған» деп сендірді.

Өрт болардан бір жарым сағат бұрын инфекциялық стационарда электр жарығы өшіп қалған, апаттық бригада шақырылды. Өртке желідегі кернеудің төмендеуі себеп болуы мүмкін, деді Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметінше, пациенттер «А» корпусынан 150 м жерде орналасқан «Б» корпусына – қауіпсіз жерге көшірілді.

Барлығы 112 бала және 76 күтімшілер персоналы эвакуацияланды. Сондай-ақ, ведомство өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті.