Пара беру мен парақорлыққа делдал болуға қатысты жауапкершілік күшейтілді
Primary tabs
Соңғы 2 жыл ішінде Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен пара берудің - 32, парақорлықта делдал болудың - 1, әр түрлі құқыққа қайшы бизнес жұмысына араласудың - 24 дерегі анықталды. Бұл туралы Antikor орталығында өткен брифингке Маңғыстау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің Басқарма басшысы Қ.Байгебаев мәлімдеді.
Сонымен бірге, брифингте Қылмыстық кодекске түзетулер енгізілгені айтылды. «Енді қарапайым пара берушілер үшін (50 АЕК дейін) айыппұлдың ең төменгі мөлшері 2 есеге, параның 10 еселенген мөлшерінен 20 еселенген мөлшеріне дейін ұлғайтылды. Сол сияқты делдалдар үшін де айыппұлдың мөлшері 2 есеге ұлғайтылды.
Мысал ретінде, егер адам 100 мың теңге пара бергені үшін сотталған болса, онда оған ең төменгі айыппұл ретінде сотпен тағайындалған айыппұл мөлшері 2млн.теңгені құрайды. Осыған дейін, ең төменгі айыппұл мөлшері 1 млн. теңгені құрады.» - деді Қ.Оразбекұлы.
Ведомство өкілдері, пара берушілер де, пара алушылар да қатаң жазаланатынын ескерте келе, бұл шаралар жемқорлықпен күресті күшейтуге зор үлес қосып, оның деңгейін төмендетуге ықпал ететінін атап өтті.