Пенжімдегі жанжалдың егжей-тегжейі белгілі болды

Primary tabs

Қзн 28, 2021 / 0 комментарии

27 қазан кешкі сағат 20:00 шамасында полицияға мектептегі төбелеске қатысушылардың бірінің үйінің маңында 30-ға жуық адам жиналғаны туралы хабарланған.

Бір топ адам бірнеше үй мен көліктің терезелерін сындырған. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицейлер Пенжімдегі үйлердің біріндегі өртке қатысты да түсініктеме берді.

– Үй иесінің айтуынша, өрттің шығуына пеш жүйесінің ақауы себеп болған. Сағат 23:30 шамасында өрт сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Бұл өрттің болған оқиғаға еш қатысы жоқ.