Полиция қызметкерлері тұрғындар сұрағына жауап берді
Primary tabs
Ауданымызда өтіп жатқан «Жолдағы қабылдау» және «Ауладағы қабылдау» акциясының мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
Аталған акция Алматы облысы бойынша 2020 жылдың 17-18 қаңтарында ұйымдастырылған болатын. Алайда, ҚР ІІМ тапсырмасына сәйкес, азаматтарды қабылдап, құқықтық кеңес беру шарасы жалғасып жатыр.
Бүгін «Nur Otan» партиясының Қарасай аудандық филиалының кеңсесінде аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері тұрғындардың сауалдарына жауап беруде. Негізінен, қабылдауға келген қарасайлықтар тарапынан қойылған сұрақтар жүргізуші куәлігін ауыстыру, транспортты қайта жабдықтау, айыппұлдарды төлеу тәртібіне қатысты болды.
Ауданымыздың тәртіп сақшыларымен тікелей жүздесіп, көкейкесті сауалдарына жауап алғысы келетін азаматтарға әлі де кеш емес. Акция әзірге күнделікті сағат 09:00 - 19:00 аралығында төмендегі мекенжайда жалғасын таппақ.
1. Қарасай АПБ фронт-кеңсесі, мекенжайы: Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі, 93.
2. «Nur Otan» партиясының филиалы, мекенжайы: Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Қарасай батыр көшесі,92.
Облыстық Cаll-орталықтың телефон желісі 8-7282-60-87-15.