Пробация есебіндегі кәмелет жасқа толмаған жеткіншектермен тренинг өтті

Primary tabs

Қар 20, 2020 / 0 комментарии

Қызылорда қалалық пробация үйінде  пробация есебінде тұратын кәмелет жасқа толмаған жас жеткіншектермен психологиялық тренинг өтті.

Пробация қызметінің инспектор-психологы әділет капитаны Г. Жылкаманованың ұйымдастыруымен өткізілген шараға Жас жеткіншектерді бейімдеу орталығының мамандары қатысты. Тренинг барысында орталықтың педагог психологы А.Примжанова есептегі жас жеткіншектермен «Менің болашағым», «Менің отбасым» тақырыбында психологиялық тренинг-жаттығуларын өткізіп, әрбір адамның заман талабына сай тұлға болып қалыптасуы , арман- мақсатына жетуі өзіне байланысты екендігін айтты.

Тренинг жаттығуларына кәмелетке толмаған  жеткіншектер қызығушылықпен қатысты. Өз ойларын ортаға салды.Соңында олар  бір-біріне жақсы тілек айтты.