Путин мен Байден Женевада кездесіп, қол алысты

Primary tabs

Мау 16, 2021 / 0 комментарии

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Джо Байден арасындағы келіссөздер Швейцарияның Женева қаласында басталды. Саммит алдында мемлекет басшылары қол алысты 

Келіссөздер өтетін Ла Гранж вилласына бірінші болып Ресей Президенті келді. Шамамен 12 минуттан кейін АҚШ көшбасшысы да қатарға қосылды. Алдымен екі елдің мемлекет басшылары швейцариялық әріптесі Ги Пармеленмен амандасып, онымен ортақ суретке түсті, деп хабарлайды РИА Новости. Содан кейін президенттер қол алысып, келіссөзді жүргізуге аттанды. Владимир Путиннің Джо Байденге кездесуге ниет танытқаны үшін алғыс білдіргені айтылды. Айта кетейік, бұл Владимир Путин мен Джо Байденнің алғашқы кездесуі. Екі алпауыт елдің басшылары соңғы рет келіссөзді Хельсинкиде 2018 жылы өткізді. 

Сол уақытта Ресей Федерациясының президенті Байденнің алдында Америка Құрама Штаттарын басқарған Дональд Трамппен жолықты.