Ресейдегі қазақстандықтар президент сайлауына қатыса алады
Primary tabs
Қазақстандықтар Ресейдің бес қаласы арқылы республика президентіне дауыс бере алады, деп хабарлады Мәскеудегі елшіліктің баспасөз қызметі.
"18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары 265 сайлау учаскесі жұмыс істейтін Ресейдегі Қазақстан елшілігінде дауыс беруге қатыса алады", - делінген елшілік хабарламасында.
Сондай-ақ Қазақстан азаматтарына республиканың Санкт- Петербург, Қазан, Астрахань және Омбы бас консулдықтарындағы учаскелерде жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін дауыс беруге болады.
Сайлау учаскесіне барған қазақстандықтардың төлқұжаты немесе жеке куәлігі болуы керек, деп түсіндірді елшілік.
Сондай-ақ сайлаушылар тізіміне енгізу үшін елшіліктің сайтында орналастырылған арнайы нысанды толтыру шарт.