"Сайрам-Өгем" шатқалынан тағы бір адамның денесі табылды
Primary tabs
Түркістан облысының Төлеби ауданына қарасты "Сайрам-Өгем" шатқалында тағы бір адамның мәйіті табылды
Ведомствоның ресми өкілі ресми өкілі Талғат Уәлидің сөзінше, 22 маусым сағат 11.50-де Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйітті Айғыржыққан және Өгем өзендерінің тоғысқан жерінен екі шақырым жоғарыда су түбінен тапқан.
"Туристтің денесін тасымалдау үшін "Қазавиақұтқару" акционерлік қоғамының тікұшағы оқиға орнына бара жатыр. Табылған мәйіт сараптама жасалу үшін полиция қызметкерлеріне табысталады", - деді Талғат Уәли.
Іздестіру жұмыстары 8 бағыт бойынша жүргізілді. Оған 107 адам, 17 бірлік техника, 3 квадрокоптер, 4 кинологиялық есеп пен 1 тікұшақтың жұмылдырылғаны белгілі болды.
Төтенше жағдайлар министрлігі барша азаматтарға таулы жерлерде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, дайындықсыз тауға шықпауға шақырады. Еске салайық, Төле би ауданының Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалғаны туралы хабарлама 25 мамырда түскен болатын. Оның үшеуі аман-есен табылып, үйлеріне қайтарылды.
Ал 29 мамыр күні сағат 00:30-да үздіксіз іздестіру жұмыстарының барысында Өгем өзенінен бір адамның жансыз денесі табылды. Ол 1999 жылы туған тауда жоғалып кеткен туристер тобының бірі екені анықталды. Екінші жігіттің денесі Өгем өзенінен 3 шақырым жерден табылған. Сонымен қатар, 12 маусым күні Түркістан облысының Сайрам-Өгем шатқалынан тағы бір адамның денесі табылды.