Сарыағашта бірнеше азық-түлік дүкені өртеніп кетті

Primary tabs

Мау 24, 2020 / 0 комментарии

Түркістан облысы Сарыағаш қаласында азық-түлік бутиктері өртеніп кетті, деп хабарлады ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «24 маусым күні сағат 04:40-та Түркістан облысы Сарыағаш қаласында «Рамазан» суару каналының бойындағы жалпы аумағы 250 шаршы метр 9 азық-түлік бутигі өртеніп кеткен», - делінген комитет хабарламасында. Өрт салдарынан жақын маңда тұрған «ГАЗель» маркалы автокөлік жанып кетті. Өрт сағат 06:25-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖД күштері мен құралдары, кезекші жедел тергеу тобынан 36 адам мен 9 техника жұмылдырылды.
Дереккөз:https://24.kz/kz/