Саясаттанушы Дастан Қадыржанов дүниеден өтті
Primary tabs
Қазақстандық саясаттанушы және публицист Дастан Қадыржанов қайтыс болды. Бұл туралы мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Әлі де сене алар емеспін. Дастан Қадыржанов әрқашан өзінің өткір ақылымен, кең дүниетанымы және шығармашылық қиялымен ерекшеленді. Ол біздің халқымыздың барлық тарихи кезеңдерін дәл суреттей білді", - деп жазды Алтаев әлеуметтік желіде.
Дастан Қадыржанов - Дінмұхамед Қонаевтың немере інісі. Қадыржанов 1966 жылы 2 қазанда Алматыда дүниеге келген.
Ол тарихшы-шығыстанушы, Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институтын бітірген. 1984-1986 жылдары КСРО қарулы күштері қатарында болды. Бірнеше кітаптың авторы. Еске салсақ, бұған дейін белгілі ақын Жәркен Бөдешұлы 76 жасына жасына қараған шағында қайтыс болған еді. Ақынның "Аңырақай бекетіндегі ой", "Қарауыл төбе", "Генерал Жаһар Дудаев", "От пен су", "Тас бесік", "Бостандықтың басы", "Шер", "Жалғыз" атты дастандары жарияланған. "Жұлдызға орнын ай бермес", "Көкше құрақ", "Қос қанат" өлеңдер мен поэмалар жинағы жарық көрген.
Одан бөлек, белгілі сәулетші Бақытжан Құдайбергенұлы Әшірбаев қайтыс болғаны хабарланған болатын. Бақытжан Әшірбаев Шымкент қаласында дүниеге келген. "Сәулетші" мамандығы бойынша жоғары білім алған соң, туған қаласында көп жылдар бойы сәулет пен құрылыс саласында еңбек еткен.